Песни

3 песни

The Person I Love Is Like a Cold Night

1:38
Текст

[Bridge]\
In the silence we stay\
Night turns into day\
Secrets that we share\
Lost in the midnight air\
[Verse 3]\
Wishing for a sign\
Words to intertwine\
In the stillness here\
Only heartbeats near\
[Chorus]\
The person I love is like a cold night\
And he sleeps so calm and so quiet\
The person I love just try to tell me\
Don’t you really have any words for me\
[Verse]\
In the dark of night\
Feel the chill so tight\
You sleep so calm so quiet\
In dreams you start a riot\
[Verse 2]\
Whispered words unsaid\
Resting in your head\
You try to tell me why\
But I just close my eyes\
[Chorus]\
The person I love is like a cold night\
And he sleeps so calm and so quiet\
The person I love just try to tell me\
Don’t you really have any words for me

Болмаса ешкім жанымда

3:47
Текст

Бір күні мен сөнермін,
Сусыз бұлақтай құрғап.
Жоқтығым да байқалмас,
Суға тамған жас құсап.
Бәлкім, мен де қалармын
Көрінбейтін ешкімге,
Көлеңкедей қырдағы,
Пайдасы жоқ ешкімге.

Әр тал шашым ағарар,
Бір-ақ жастыққа жатқанда.
Ағарар шашым, ағарар,
Уақыт зымырап аққанда.
Кімге керек екенмін,
Болмаса ешкім жанымда?
Кімге керек екенмін,
Болмаса ешкім жанымда?

Бәлкім, бұл беу жаһанда
Табылмайды тірі жан
Бауырына басар бір,
Бауырларым қайтқанда.
Міні бар мына маған да
Табылар ма мінді жан?
Қайда барып іздейін
Жерұйығымды менің?

Әр тал шашым ағарар,
Бір-ақ жастыққа жатқанда.
Ағарар шашым, ағарар,
Уақыт зымырап аққанда.
Кімге керек екенмін,
Болмаса ешкім жанымда?
Кімге керек екенмін,
Болмаса ешкім жанымда?

Қайда ұшып қонайын?
Кірпішті неден қалайын?
Сезімді кімге арнайын?
Кімге иық тосайын,
Жылағанда қайғыдан?
Кім үшін салынайын
Қара алаң уайымға?

Әр тал шашым ағарар,
Бір-ақ жастыққа жатқанда.
Ағарар шашым, ағарар,
Уақыт зымырап аққанда.
Кімге керек екенмін,
Болмаса ешкім жанымда?
Кімге керек екенмін,
Болмаса ешкім жанымда?

Кімге керек екенмін...
Болмаса ешкім жанымда...

Махаббат бұл Махаббат

3:49
Текст

[Chorus]\
Махаббат бұл Махаббат\
Шаттық шашар шартарап\
Бақыттымыз екеуміз\
Одан асқан қандай бақ ?\
Махаббатты махаббат\
Ұмытқанда адамзат\
бұл әлемді басқарар\
Зұлымдық пен қиянат\
[Verse 1]\
Сезімді қайтсін?\
Жүрексіздер!\
Билікке бейім\
Көргенсіздер!\
Адамды адам\
сүй алады\
Тылсым сезімді\
Көрмегірлер!\
Болса да мейлі\
Жек көрсеңдер\
Тоқтамайды жүрек\
Сүйген кезде!\
Өзіңе деген мақтанышыңды паш ет\
[Chorus]\
Махаббат бұл Махаббат\
қайдағы пропаганда?!\
Сезіміңді алдама\
Құдай берген сағанда!\
Махаббат бар махаббат\
Міні бар бұл ғаламда\
Берік болшы жарыңа\
Алдама тек алдама!\
[Verse 2]\
Арманы бар\
Көп адамның\
Біріне көп керек\
асыл заттың\
Ал біреуге\
жеткілікті\
Қол ұстасу\
қалағанда\
Егер де мейлі\
Болсын сірә\
Алайда не керек\
Осы заңның?\
Осы ғой нағыз табиғисіздік\
[Chorus]\
Махаббат бұл Махаббат\
қайдағы пропаганда?!\
Сезіміңді алдама\
Құдай берген сағанда!\
Махаббат бар махаббат\
Міні бар бұл ғаламда\
Берік болшы жарыңа\
Алдама тек алдама!\
Махаббат бұл Махаббат\
Махаббат бар Махаббат\
Махаббат бұл Махаббат\
Сезіміңді алдама\
Құдай берген сағанда!\
Махаббат бар махаббат\
Міні бар бұл ғаламда\
Берік болшы жарыңа\
Алдама тек алдама!\
Махаббат бұл Махаббат\
Махаббат бар Махаббат\
Махаббат бұл Махаббат\
қайдағы пропаганда?!